М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетің Қазақстан филиалында жыл сайын өткізілетін іс-шара - Филиал оқытушыларының жалпы жиналысы болды.
М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры, профессор Александр Владимирович Сидорович ММУ Ғылыми кеңесінің нәтижелері, Мәскеу университетінің ректоры В.А. Садовничий тапсырған міндеттер туралы баяндады.
А.В.Сидоровичтің сөзінже 2013-2014 оқу жылындағы ММУ Қазақстан филиалының 1000-студенттің бітіруі, қолданбалы математика мен филологиядан магистратураның, Қосымша білім беру орталығының ашылуы сияқты маңызды жетістіктері түйінделді. Оқытушылар мен студенттердің ғылыми және кәсіби табыстары атап өтілді, қабылдау комиссиясының жұмысы, Филиал түлектерінің жұмысқа орналасуы мен оқуды жалғастыруы мәселелері талданды.
А.В. Сидорович баяндамасының негізгі бөлігі оқу, тәрбиелік, ғылыми міндеттер қоюға, 2014-2015 академиялық жылдағы жұмыстың ілгерімелі бағыттарына арналды.
Жиналыс барысында Филиал дәстүрі бойынша А.В. Сидорович әріптестерге жаңа оқытушыларды таныстырды. Олардың ішінде М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалын үздік бітірген Муборакшоева Анжелика Мирзониджотовна, Семенова Анастасия Владимировна и Скрынтовская Юлия Владимировна сияқты түлектер де бар боп шықты.
Анастасия Семенова