2017 жылғы 22-26 мамыр аралығында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Орыс тілі мен әдебиеті Апталығы болып өтті. Апталық Славян жазуы мен мәдениеті Күніне арналды.
Қазақстанда, қасиетті Кирилл мен Мефодий күнінде аталып отырған мерекеге, елімізде және одан тысқары тұрып жатқан славяндардың мәдениетаралық байланыстарын нығайту мүмкіндігі ретінд,е үлкен назар аударылады. Орыс тілі мен әдеьиеті Апталығын Филиалдың филология кафедрасының доценттері Г.П. Байгарина мен С.М. Треблердің славян графикасының және оның таралуының тарихын баяндаған «Велика бывает польза от учения книжного…» атты актілік дәрісі ашты.
Сейсенбі күні, 23 мамырда, Филиалдың студенттері «Язык и литература в тюркско-славянском взаимодействии: взгляд из современности» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласындағы Россотрудничество Өкілдігі бірлесіп ұйымдастырып өткізген еді. «Филология» бағытының бірінші курс студенттері конференцияға қатысушыларға қасиетті Кирилл мен Мефодий биографияларын баяндайтын музыкалық-поэтикалық композициясын ұсынды.
24 мамырда Филиал қабырғасында «Любовь – это желание жить» атты мәнерлеп оқу конкурсы өткізілді. Конкурс жыл сайын мереке қарсаңында өткізіліп, поэзияны сүюшілердің басын қосатын орынға айналып келеді. Түрлі бағытта оқитын студенттер өздерінің сүйікті авторларының шығармаларын шабытпен оқып, қатысушыларына тамаша көктемгі көңіл-күй сыйлады.
Конкурс жеңімпазы - Роксолана Абдраимова (Ф-31) болды, екінші орынды - Бауыржан Көбекбай (ВМ-21) алды, үшінші орынды өзара Виталий Кожемяк (ВМ-21) пен Кирилл Ан (Э-11) бөлісті. Грамотамен Дина Тайгарина (Ф-21) мен Наталья Мосунова (Ф-11) марапатталды. Бар өнерін, сезімін ортаға салып оқыған өлеңдері тыңдаушыларының жүректерін тербетті.