2017 жылғы 26 мамыр күні Филиал директоры, профессор А.В. Сидорович Белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ алғашқы ректоры, ғалым-тюрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың 80 жылдығына арналған «Тюркский мир и международные связи: история, личность, перспективы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысты.
Александр Владимирович Мәскеу университетінің ректоры В.А. Садовнийдің атынан және Филиал атынан Мырзатай Жолдасбековты мерейтойымен құттықтап, әрдайым көрсетіп отырған көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.