Филология кафедрасының доценті Әлия Аманжолқызы Аймолдинаны Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атануымен құттықтаймыз!




Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы No591 «Ғылым саласындағы сыйлықтарды және 2024 жылы мемлекеттік стипендияларды тағайындау туралы» бұйрығына сәйкес, PhD докторы, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасының доценті Әлия Аманжолқызы Аймолдина дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды.

Әлия Аманжолқызы Аймолдинаны шын жүректен құттықтап, жаңа ғылыми жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз!