2025 жылдың 5 мамыры күні, Жеңіс күнін тойлау қарсаңында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының дене шынықтыру мұғалімдері дәстүрлі спорттық эстафетасын өткізді. Оған барлық оқу бағытының 1 және 2 курс студенттері қатысты.
Жарысқа барлық команда қызу дайындалды: дене шынықтыру сабақтарында оқушылар жүгіру техникасын қайталап, эстафета таяқшасын беруге жаттықты, төзімділіктерін дамытып, үйлесімді әрекет етуге үйренді. Дайындық өзара қолдау атмосферасында өтті: қатысушылар тәжірибе алмасып, бір-біріне қолдау беріп, достық атмосферасын құрды. Бұл спорттық көрсеткіштерді жақсартуға ғана емес, факультетаралық байланысты нығайтуға да ықпал етті.
Эстафетаның өзі жарқын және эмоционалды күйде болып өтті. Іс-шара ұйымдастырушылардың салтанатты құттықтау сөзімен ашылды, онда есте қаларлық датаның маңыздылығын еске салды. Осыдан кейін командалар сәреге тұрды. Қашыққа жүгіруге алдымен 2 курс студенттері шықты, одан кейін бірінші курс студенттеріне кезек келді. Көрермендер – студенттер мен ұстаздар қауымы қатысушыларды белсенді түрде қолдап, бірлік пен бабалар ерлігіне құрмет рухына толы нағыз спорт мерекесі атмосферасынна айналдырды.
Жалпы есеп бойынша жеңісті «Қолданбалы математика және информатика» бағытының 1 курс командасы жеңіп алды.
Екінші орынды арасында аз ғана секундтық айырмамен «Экономика» бағытының 1-курс командасы иеленді.
Үшінші орынды «Филология» бағытының 1 және 2 курстарының құрама командасы иеленді.
Спорт іс-шараға қатысқан барлық студенттерге және осы игі істі ұйымдастырған оқытушыларға алғысымызды білдіреміз. Жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!
Фото: К. С. Байрактар