Филиалда ресейлік белгілі жазушыларымен кездесу болып өтті


2025 жылғы 25 сәуірде М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «ASTANA Eurasian Book Fair» VIII Еуразиялық халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында «Teнгри» әдеби клубында ұйымдастырылған танымал ресейлік авторлар – фантаст-жазушы Дмитрий Емецпен және ақын Алиса Орловамен шығармашылық кездесу болып өтті.

 

Loading...

Дмитрий Емец – ММУ түлегі, филология ғылымдарының кандидаты, «Таня Гроттер», «Мефодий Буслаев», «Сүңгуірлер мектебі» сияқты танымал әдеби циклдердің авторы. Кездесу барысында қаламгер өзінің әдеби жолының басталуы мен шығармаларды жазу барысына тоқталды. Сондай-ақ, ол автордың алғашқы кітабы әрқашан жеке тәжірибесінің көрінісі болуы керектігін атап айтты. «Жазушы іштей «қайнап шыныққан» оқырманнан – яғни әдебиетті қабылдау мен түсіну саласында терең қалыптасқан адамнан туады», – дейді Дмитрий Емец.

Шығармашылық кездесудің екінші қонағы ресейлік ақын, бірнеше поэзиялық жинақтардың авторы Алиса Орлова болды. Алиса Орлова өзінің ақындық жолының дамуы туралы, өзінің әдебиеттегі алғашқы қадамдары және сөзді меңгерудің маңызды шеберлігі туралы айтты. «Тіл – дұрыс пайдалануды білу керек құрал», – деп атап өтті ол.

Кездесудің ерекше мәні бар, дәл осы күні А.Орлованың «Русские голоса» атты өлеңдер жинағының алғашқы бейресми тұсаукесері өтті. Филиал студенттері мен оқытушылары автордың осы кітапты ұсынған алғашқы оқырмандары болды.

Іс-шара ашық сұхбат түрінде өтті. Қатысушылар түрлі сұрақтар қойып, әдеби шығармашылық мәселелерін талқылады, шабыт көздері мен авторлық техника туралы әңгімеледі. Қонақтар өз тәжірибелерімен және кәсіби бақылауларымен бөлісті, бұл, әсіресе, жаңа бастаған ақындар мен прозашылар үшін құнды болды.

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы мен «Тенгри» әдеби клубының мүшелері бүгінгі қонақ – Дмитрий Емец пен Алиса Орловаға университеттің мәдени-ағартушылық қызметіне үлкен үлес қосқан салиқалы кездесуі үшін шынайы алғыстарын білдіреді!

 

Фото: K.С. Байрактар, Астанадағы «Русский дом»