9 мамырда – Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткен Күні – М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері, профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері мен олардың отабсы мүшелері Астана қаласында, әлемнің басқа да қалаларында өткізілген «Өшпес полк» есте сақтау акциясына қатысты.
Осы күні, «Қазақ Елі» монументінен басталған шеруге қатысуға келген әрбір адамның Ұлы Отан соғысымен ажыраспайтын бірлікке айналған, өзінің тарихы, отбасылық тарихы, дұшпанға қарсы тұрған халықтың, елдің тарихы бар екені белгілі.
Қатысушылардың әрқайсысының қолында ұрпақтан-ұрпаққа кететін естелік ретінде жақын адамдарының портреттері, суреттері болған еді.
Шеруде барлығына жақсы таныс, соғыс жылдарындағы әуендер мен әндер айтылды. Біреуі бастаған «День Победы» деген әнді тұтас шеру мыңдаған даусымен көтеріп, қоладып кетіп отырды!
Қуаныш сезімі, бірлікте болу және де терең қайғы сезімін сол шеруде болғандардың барлығының жүрегі мен санасында орын тепкен еді. Қала көшелерінде жүріп өткен шерушілер сұрапыл соғыста өмірін қиғандарға деген құрметі мен басын иіп, тағзымын білдірді.
Шеру Отан Қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.
Мәтін: Брянская М.А.