12.12.2016

Мәскеу университетінің ректоры В.А. Садовничийдің Астанаға келуі


Мәскеу университетінің ректоры В.А. Садовничийдің Астанаға келуі


IMG_6093s.jpg 2016 жылғы 12 желтоқсанда Астанаға Мәскеу университетінің ректоры, РҒА академигі Виктор Антонович Садовничий келді. Виктор Антоновичтің бұл сапары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына және М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалына 15 жыл толуына арналды.

12 желтоқсан күні таңертең В.А. Садовничий ММУ Қазақстан филиалына келіп, онда филиалдың оқытушыларымен, қызметкерлерімен, студенттерімен кездесті, оларды Филиалдың 15 жылдығымен құттықтады. Ректорды ММУ Қазақстан филиалының директоры А.В.Сидорович кіріспе сөзімен қарсы алды. Өзінің сөзінде Филиал директоры ММУ ректоры В.А.Садовничийге алғысын жеткізіп,алдағы жылы оның ректорлыққа тағайындалғанына 25 жыл толатынын атап өтті: «Виктор Антоновичтің жетекшілігімен осы ширек ғасыр ішінде 18 факультет пен жоғары мектеп ашылып, 6 шетелдік филиал ашылды. Ленин тауларында университеттің жаңа кешендері салынды. 2000 жылы Виктор Антонович Астана қаласында Филиал ашылуы туралы хаттамаға қол қойды. IMG_1216 (26)s.jpg

Филиал Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысы мен Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің қолдауы арқасында ашылды. Бүгінгі күні біз Президенттің сенімі мен ММУ сенімінің үдесінен шығып келеміз. Біз Мәскеу университетін және Сізді, Виктор Антонович, әрдайым сеніміңізден шығамыз және М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы атын әрдайым жоғары көтереміз». IMG_6019s.jpg

[нақтырақ...]