2017 жылғы 15 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының түлектері «Геоурбанистика негіздеріндегі қала экологиясы» курсы бойынша арнайы семинарға қатысты.
Түлектер Мәскеу университетінің профессоры В.Р.Битюкова мен экология және табиғатты пайдалану кафедрасының доценті С.К.Жалбиновамен бірге Астана қаласының экологиялық және қала салу жобалары бойынша сарапшы болып сөз сөйледі. Семинарда 2014 жылғы түлектер сөз сөйледі:
- Акимжанов Халел Рахимович (қазіргі кезде АО"НК"СПК"Astana" активтерді басқару Департаментінің директоры болып қызмет етеді;
- Абельдинова Данагуль Жанаткызы ( 2015 ж. Будапешт қаласында Орталық-Еуропалық университеттің магистратурасын бітіріп, қазіргі кезде «Bureau Veritas Kazakhstan» компаниясының Industrial Services бөлімінде эколог болып істейді;
- Валенти Радо Анатольевич (2016 ж. М.В.Ломоносов атындағы ММУ шет елдердің әлеуметтік-экономикалық географиясы кафедрасының магистратурасын бітіріп, қазір «Центра бизнес-решений Elim» ЖШС талдамашы болып істейді);
- Дехнич Владимир Сергеевич (2016 ж. М.В.Ломоносов атындағы ММУ геоэкология және әлемнің физикалық географиясы кафедрасында магистратураны бітіріп, қазір ММУ Қазақстан филиалының экология және табиғатты пайдалану кафедрасының ассистенті болып қызмет етеді.
«Экология және табиғатты пайдалану» бағытының 3 курс студенттері Астана үшін өте маңызды болып табылатын экологиялық мәселелерді зерттеуге және шешуге арналған жобаларын ұсынды.