Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 15 жылдығына арналған Қазақстандағы Мәскеу университетінің күндері аясында, 25-26 қараша күндері М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Функционалдық анализ және оның қосымшалары» Симпозиумы өтті.
Симпозиумның жұмысына математиканың аталған саласына қосқан үлестері ғылыми қоғамдастықта жоғары бағаланған белгілі ресейлік және қазақстандық ғалымдар қатысты. Симпозиумға қатысушылар ішінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының студенттері мен магистранттары да болды. Математика және информатика кафедрасойның меңгерушісі, профессор Е.Д.Нұрсұлтанов өзінің симпозиумды ашу сөзінде келген қонақтарға шақыруды қабыл алғандары үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, симпозиум баяндамалары арналған зерттеудің негізгі тақырыптарын атап өтті.
Шақырылған баяндамшылар функционалдық талдау саласындағы соңғы нәтижелерді баяндады. Пленарлық баяндамаларды Қазақстан мен Ресейдің белгілі ғалымдары ұсынды. Атап айтқанда, М.В.Ломоносов атындағы ММУ функция теориясы және функционалдық анализ кафедрасының профессоры А.А.Шкаликов блоктық операторлардың ауытқу теориясына арналған зерттеулер туралы баяндады. Ал Ресей халықтар достығы университетінің сызықтық емес анализ және оптималдандыру кафедрасының профессоры Гольдман М.Л. монотонды функциялардың конусын зерттеу саласындағы жаңа нәтижелер туралы баяндады.