26.10.2016

ММУ Қазақстан филиалы Ресей ғылым және мәдениет орталығының қолдауымен оныншы рет, мерейлі Цветаева алауын өткізді


IMG_0223s.jpg2016 жылғы 26 қазанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы Ресей ғылым және мәдениет орталығының қолдауымен оныншы рет, мерейлі Цветаева алауын өткізді. Бұл ММУ Қазақстан филиалының, С.Сейфулин атындағы Аграрлық университетінің, Политехникалық колледждің студенттері мен аастаналық мектеп оқушылары бас қосқан шығармашылық кеш болды.


Біреу тастан, біреу саздан жаралған, -

Ал мен болсам ақ күмістен жаралғам!

Ісім менің - опасыз, атым менің – Марина,

Мен – теңізден шыққан

Баянсыз бір көпіршік...


IMG_0176s.jpgМарина Ивановна Цветаева – Күміс ғасыр маржаны. Оның өлеңдері нәзіктік пен қуатты, батыл сезімнің үйлескен болмысын танытады. Марина Ивановнаның шығармалары күрделі, бірақ аса әуезді және әдемі. Цветаеваны жақсы көруге де, ұнатпауға да болады, бірақ қалай болғанда да оның өлеңдеріне бей-жай қалу мүмкін емес. Осымен оныншы рет өткізіліп отырған Цветаева алауы қалыптасқан дәстүр бойынша, Ресей ғылым және мәдениет орталығында Цветаеваның шығарма шығармалары мен поэзия на бас игендерді жинады. Залда поэзиялық кешті тамашалауға келген бұрынғы таныстар мен «алаудың» жаңа қатысушылары бас қосты. Осы жолы алауды өлең оқу сайысы түрінде өткізу орын алғанымен, кештің басты иесі Цветаева ханымның тылсым бейнесі біргге тұрғандай әсер қалдырды: фотосуреттерде, кітаптар парақтарында, Филиалдағы филология факультетінің студенті Дианы Дремджи ойнаған Цветаеваның бейнесінде.

Цветаева  оның күш-қуатына көптеген ер адамдар қызығатын әйел болды. Сондықтан да Марина Ивановнаның рөлі аса күрделі, ойнай салуға болмайтын ерекше. Оның тағдырында кездескен қиыншылықтар ақынның тұлғасында терең іздер қалдырып өтті. Бірақ биыл Цветаева көпшілік көзіне ерекше амплуада, нәзік, ойнақы, сабырлылықтың төресіндей болып келді. Бұл бейне көпшіліктің көңілінен шықты.

 

[нақтырақ....]