Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 15 жылдығына арналған мерейлі іс-шаралардың жалғасы ретінде 2016 жылғы қазан айының 24 мен 28 аралығында экология кафедрасы бойынша «Менің үйім, менің Жерім, менің Қазақстаным!» атты География Апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты – Филиал студенттерінің зейінін экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаға аялық көзқарастарын тәрбиелеу, студенттерді әлеуметтік белсенділікке баулып, дарынды студенттерді анықтау.
Апталық аясында үлкен үзілісте барлық Филиалдың студенттері, қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін, «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығына оқып жатқан брінші және екінші курс студенттерінің орындауындағы музыкалық қосымшалармен бірге түрлі географиялық викториналар, ойындар, сайыстар өткізілді.
Апталықтың бірінші күні «Күзгі жапырақтар» флеш-мобынан басталды. 1 курс студенттері Жер мен қоршаған ортаға деген аялы көзқарастарын білдіретін өздері шығарған поэтикалық композициясын ұсынды.
Студенттердің есінде сақталған оқу практикасы олардың дала практикасында қандай қызықты күндері өткізіп, өздерін нағыз географ ретінде танытқаны студенттердің «Қарқаралы, менің алғашқы тәжірибем» атты бейне есептері арқылы көрсетілді. Ал ұсынылған «Сіз үшін ММУ Филиалы нені білдіреді?» деген бейнефильмдегі сұраунамада студенттер оқу практикасы жарқын болмысымен естерінде қалай сақталғанын айтып берді.