2017 жылғы 30 маусым күні филиал директоры, профессор А.В. Сидорович Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңестің (СВМДА) қолдауымен өткен ұлттық-мәдени орталықтардың Халықаралық форумына қатысты. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы – АНК Секретариатының меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, отандық және шетелдік ғалымдар, сараптамашылар, қоғам қайраткерлері, мемлекттік орган өкілдері, Қазақстандағы СВМДА елдерінің - Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Иран, Швеция т.б. елдердің дипломатиялық миссиясының өкілдері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, этномәдени бірлестіктер өкілдері және БАҚ қатысты.
Александр Владимирович «Информационные потоки в XXI веке: проблемы взаимопонимания между народами стран Содружества» тақырыбында баянжама жасады, тыңдаушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.