03.07.2017

Түлектер күні - 2017


Жаз басталысымен, кезекті академиялық жылдың аяқталған хабары да жеткендей. Ендігі кезекте жас бакалаврлар мен магистрлерді ересек өмірге шығарып салу сәті де орын алды. 2017 жылғы 3 шілде күні М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында Түлектерге диплом тапсыру салтанаттты рәсімі болып өтті. «Түлектер күні–2017» биыл Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесімен қатар келіп отыр. Осынысымен де биылғы рәсім ерекше есте қалатын болады.

Филиалды және оның биылғы түлектерін құттықтауға көптеген құрметті қонақтар келді, олардың қатарында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, Әскери ғылымдар Академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, генерал-лейтенант А.Б. Тасболатов; космонавт-сынақшы, генерал-майор, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының ғарыштық жүйелерді жасау және эксплуатациялау бойынша вице-президенті А.А. Айымбетов; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілі, Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру Департаменті директорының орынбасары С.С. Исмагулова; Ресей Федерациясы Елшісінің кеңесшісі, Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасындағы өкілі А.А. Коропченко; физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының жетекші қызметкері К.С. Бақтыбеков; 2007 жылғы «Филология» бағытының алғашқы түлектерінің өкілі, «Астана Опера» опера және балет театрның баспасөз қызметінің басшысы Е.Н. Романова; 2014 жылғы «Экология және табиғатты пайдалану» бағытының түлегі, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының активтерді басқару Департаментінің директоры Х.Р. Акимжанов. Бұлардан басқа осынау шаттық толған күні түлектерді қолдауға олардың туыстары мен жолдас-жоралары да молынан келген еді. IMG_1367s.jpg

Іс-шараға келген қонақтарды Филиал басшылары қарсы алды, олар - ММУ ҚФ директоры А.В. Сидорович, директордың орынбасарлары – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.О. Сәулебеков филология ғылымдарының кандидаты, ассоциативтік профессор Т.Г. Котлярова, сонымен бірге Филиалдың кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылық құрамы және қызметкерлері.

2017 жылға шаққанда ММУ Қазақстан филиалы «Есептеуші математика және кибернетика», «Математика», «Филология», «Экология және табиғатты пайдалану», «Экономика» бағыттары бойынша 1580 жоғары білікті маман даярлап шығарды. Филиал түлектерінің 95 %- ға жуығы өз мамандықтары бойынша Қазақстан қызмет етуде. Мұның өзі үлкен көрсеткіш бола алады, атап айтқанда, Филиалдың түлектері өз елдерін дамытуға, мемлекет қойған міндеттерді шешуге бар күшін жұмсауға бағдар ұстап келеді. IMG_1379s.jpg

[нақтарақ]