01.07.2017

Филиал студенттері Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиат паркінде тәжірибеден өтті


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында 05.03.06 «Экология және табиғатты пайдалану» бағытында оқитын студенттердің білім алу үдерісінде оқу жалпыгеографиялық және арнайы, сонымен бірге өндірістік тәжірибе ерекше орын алады. Студенттер практикаға өздері тұратын немесе басқа аймақтардағы өндіріс орындарына, ғылыми-зерттеу ұйымдарына жіберіледі.

Айталық, 3-ші курс студенттері Редько Анастасия мен Щербакова Виктория Шығыс Қазақстанның ландшафт-экологиялық жағдайлары мен рекреациялық ресурстарын туризмді дамыту үшін неғұрлым толыққанды зерттеу мақсатында, сонымен қатар, Қазақстанның аллергендік өсімдіктерінің таралу ерекшеліктерін зерттеу мақсатында Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиат паркі нысана ретінде алынған болатын. Біздің Филиалымыздың студенттерінің еңбекқорлығы мен жауапкершілігі және Оңтүстік Алтайдың биотүрлілігін тану мен сақтау ісіне қосқан үлесі үшін табиғат паркінің әкімшілігінен алған Алғыс хаты Филиал үшіг жағымды жаңалық болды.


Мәтін: Айбын Мугалимова