Астананың 2017 жылғы жазы синоптиктердің болжамы мен ауа райының жағдайына қарамай-ақ ыстық болатыны байқалады. Олай айтуымыздың себебі - «Астана ЭКСПО-2017» - біздің еліміздің бас қаласы өткізу мәртебесіне ие болған аса ірі Халықаралық мамандандырылған көрмесі.
М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы да осынау маңызды шарадан тыс қалмайды. Филиал, ресейлік-қазақстандық ғылым мен білім беру саласындағы қарым-қатынастың белсенді қолдаушысы мәртебесін ақтап, ЭКСПО-2017-дегі Қазақстан мен Ресейдің павильондарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Үш ай бойы ММУ ҚФ студенттері мен магистранттары Көрмеде Волонтер қызметін атқарады: олар протоколдық іс-шараларға қатысады, техникалық қаматамсыз ету шараларын орындайды, іскери және мәдени бағдарламаларға қатысады, қонақтардың қасында болады, ресейлік павильонның серіктестері мен демеушілерімен жұмыс жасайды. Бұл – өзін танытуға, көптеген нәрселерді үйренуге, құнды тәжірибе жинауға, өркениеттің жаңа деңгейіне шығуға жетелейтін халықаралық ынтымақтастықтың бір бөлшегі болуға берілген тамаша мүмкіндік. Филиал студенттері, волонтер қызметін атқарып жүріп, әлемнің көптеген белгілі ғалымдарымен, саясаткерлерімен, іскер адамдарымен, әртістерімен, ғалымдармен танысты. Мысалы, Индира Уланова («Математика бағыты, 3 курс), «Протокол» блогында жұмыс істеп, Татарстан Республикасының мәдениет министрі басшылық еткен делегациясына, Швейцарияның Ұлттық Банкісінің Басқарма кеңесінің төрағасы Томас Дж. Джордан басқарып келген Швейцарияның делегациясына, Қытай халықаралық көрме орталығының төрағасы Хэ Цылонға, «Менің жасыл Қазақстаным» Республикалық конкурсына қатысушыларына, EXPO-Camp жастардың жазғы лагерінің қатысушыларына, Чехияның өндіріс және өнеркәсіп министріне, Малайзиядан келген делегациясына, Кариб қоғамдастығының делегациясына, музыкант И.М. Бутманға ілесіп қызмет етті.