19.04.2017

Филиал математика пәні бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қатысушыларын қарсы алды



Условия задач IX Республиканской студенческой олимпиады по математике 2017


Решения задач IX Республиканской студенческой олимпиады по математике 2017


2017 жылғы 13-15 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында математика пәні бойынша ІХ Республикалық студенттік олимпиада ұйымдастырылып өткізілді. Дәстүр бойынша олимпиада «Математика» мамандығы студенттері арасында өткізіледі. Биыл аралас мамандық студенттері де қатысты. Қазақстан бойынша 12 университеттен келген команда қатысты:

- Назарбаев Университет ( Астана)

- Қазақстан-Британй Техникалық Университеті ( Алматы)

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет (Астана) - Сулеймана Демирел атындағы университет ( Алматы)

- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы)

- С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар)

- Ақпараттық технологиялардың Халықаралық университеті ( Алматы)

- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент)

- Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды)

- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық университеті (Ақтөбе)

- М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы (Астана).


ММУ Қазақстан филиалы математика және информатика кафедрасының оқытушыларынан Абдикалыков А. К., Баев А. Ж., Васильев А. Н., ММУ доценті Клячко А. А., ММУ аспиранты Высоканов Б. А, құралған әдістемелік комиссия тарапынан олимпиада үшін 6 авторлық есеп құрастырылған болатын, олардың әрқайсысы «өзіндік ерекшелікке ие болатын» және оны шешуге шығармашылық тұрғыдан келуді қажет ететін.

Жеңімпаз атағын Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті Жанбырбаев Есеналы жеңіп алды. Екінші өзара тең бөлісіп алған студенттер - Бекмаганбетов Бекарыс (Қазақстан филиалы ММУ) және Сайланбаев Алибек (Назарбаев Университет). Үшінші орынға ие болған жеңімпаздар - Аманкелды Акежан, Жанахметов Султан, Шакиев Александр (Назарбаев Университет) және Ақпараттық технологиялардың Халықаралық университеті (Алматы).

Командалық есепте Бірінші дәрежелі диплом Назарбаев Университет командасына берілді. Екінші дәрежелі диплом Қазақстан-Британй Техникалық Университетіне және Ақпараттық технологиялардың Халықаралық университетіне берілді. Үшінші дәрежелі дипломға Сулеймана Демирел атындағы Университет пен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ие болды. ММУ Қазақстан филиалының студенттері конкурстан тыс қатысушы болды.

Жеке есепте олимпиаданың жеңімпаздары сеналы Жанбырбаев, Александр Шакиев пен Алибек Сайланбаев өз әсерлерін былайша ортаға салған еді: «Есептер өте қызықты болды. Келесі жылы да қатысқыммыз келеді».

Александр тақырыптық жарысқа мектептен бергі кезеңде қатысып көрмегенін және есептер шығаруды сағынғанын айтты. «Олимпиада маған мектептегі күндерімді еске салды», - дейді ол жымиып.

[нақтырақ...]