20.04.2017

Филиалдағы филология бойынша Республикалық олимпиада


 


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында 2017 жылғы 19-20 сәуірде Республикалық студенттік «Филология: орыс тілі» пәндік олимпиадасы өткізілді.

Олимпиадаға қатысушыларға Филиал директоры, Мәскеу университетінің еңбегі сіңген профессоры А.В. Сидорович атынан құттықтау жіберілді. Қошемет сөзінде олимпиаданың аса ерекше орны туралы айтылып, оның орыс тілін дамыту мен сақтаудағы      орны, стандарттарды нығайту мен ХХІ ғасырдың нағыз білімді адамдарын тәрбиелеп шығарудағы маңызды орнын атап өткен еді. Жаһандану үдерісі неғұрлым үдей түскен сайын соғұрлым мәдениеттің көптүрлілігін сақтап қалуға ұмтылыс күшейе түседі. Орыс тілі тек Ресей әлемін ғана емес, Еуразиялық әлемді де біріктіріп тұрған тіл.

Директор Филиалдың да маңызды орны туралы атап өткен еді. Филиал – Мәскеу Университетінің Қазақстандағы шағын моделі. 15 жылдан бергі жемісті еңбегі мұнда бірыңғай білім беру кеңістігінің қалыптасу ұстанымдарын дәлелдейді.

М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы ҚР БҒМ шешімімен Республикалық студенттік «Филология: орыс тілі» пәндік олимпиадасы өткізілетін базалық орын болып анықталды. Бұл шешім де кездейсоқ емес. 2016 жылы Павлодар қаласында өткен дәстүрлі республикалық олимпиадада Филиал командасы жеңмпаз атанған болатын.

«5В020500 «Филология: орыс тілі» мамандығы бойынша Олимпиадаға қатысуға осындай оқу бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан ЖОО ниет білдірген еді: М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал қ.); С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Павлодар); - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет (Астана); М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы (Астана).

 

[нақтырақ...]