15.04.2017

«Ломоносов-2017» халықаралық конференция


2017 жылғы 14-15 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында XIII «Ломоносов-2017» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы өтті. Филиалда тұңғыш рет 2005 жылы ұйымдастырылып өткізілген «Ломоносов-2017» конференциясы Мәскеу мемлекеттік университетінде негізі қаланған Ломоносов оқуларының дәстүр жалғастығын ұстанады. Бүгінгі күні «Ломоносов-2017» конференциясы еуразиялық кеңістікте ғылым мен мәдениет салаларындағы халықаралық және университетаралық байланыстың нығаюына септігін тигізетін маңызды оқиға болып табылады.


2017 жылы Ломоносов оқуларында Қазақстан мен Ресейден келген 300–ден астам студент, магистрант пен жас ғалымдар қатысты.

Баяндамалар 6 секция мәжілістерінің аясында ұсынылды:

1.Математиканың заманауи мәселелері.

2. Математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар.

3. Дамудың жаңа кезеңдеріндегі Қазақстан экономиикасын жаңашаландыру бағыттары.

4. Қазіргі замандағы тіл мен әдебиет.

5. Аймақтық экологиялық мәселелер: заманауи әдістер мен амалдар.

6. Қазақстанның үшінші жаңашалануының әлеуметтік-мәдени негіздері.


Конференцияның салтанатты ашылуы 14 сәуірде жұма күні өткізілді. Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік гимндері айтылған соң, Президиум мүшелері - ММУ Қазақстан филиалының директоры, профессор А.В. Сидорович, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Н. Бочарников, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.О. Дулатбеков, Қазақстандағы Россотрудничество Өкілдігінің Ресей ғылымы мен мәдениетінің орталығы жетекшісі В.Л. Нефедов, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі А.А. Коропченко, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-эксперттік кеңесінің төрағасының орынбасары Н.П. Калашникова, ММУ Қазақстан филиалының 2008 жылғы түлегі, Астана қаласы Білім басқармасы жетекшісінің бірінші орынбасары А.К.Жанғозин, ММУ факудбтеттері мен Филиал кафедраларының өкілдері – қатысушыларға қошемет білдірді.

 

[нақтырақ...]