24.12.2016

Филиалда би аэробикасы бойынша жарыс өткізілді


Би аэробикасы жарысы


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында дене шынықтыру оқытушылары Лиховец Ирина Ивановна, Клюкина Елена Ивановна, Ташкеев Даурен Садбекович, Токтарбаев Дархан Габдул-Саматович ұйымдастырған би аэробикасы бойынша жарыс өткізілді.

Биыл би жарысында үздік атану үшін 11 команда өзара жарысқа түсті. Олардың әрқайсысы өзінің би шеберлігін, ұымшылдығы мен спорт дағдыларын көрсете білді. Жарыс алдында дене шынықтыру оқытушылары әсем әуенмен барлық студенттермен өз би шеберліктерін көрсетті. Осындай алғашқы биден соң, жарысқа қатысушылар кезекпен өздері дайындап келген номерлерін көрсетті. Олардың ішінде акробатика және жауынгерлік өнер элементтері бар спорт биі, заманауи және сюжетті билер, спорт гимнастикасы жаттығулары, белгілі әндер попуррилері әуеніне билеу болды.

Төрешілердің айтуынша, биыл жеңімпаздарды анықтау өте қиын болды, өйткені барлық қатысушылар жоғары деңгейде өнер көрсетті. Төрелік ету критерийлері қатаң бірақ объективті болды: артистизм, қозғалыс күрделілігі, орындау композициясы мен техникасы, музыка әуені үйлесімділігі мен қозғалыстың синхрондылығы. Көптеген командалар бірдей костюмде өнер көрсетті, ал 2 курс экономистері жеңімпаз атанды. Олардың өнерлері жаңажылдық тақырыпта соған сай мерекелік атрибуттармен орындалды. Төрешілердің айтуынша, биыл жеңімпаздарды анықтау өте қиын болды, өйткені барлық қатысушылар жоғары деңгейде өнер көрсетті. Төрелік ету критерийлері қатаң бірақ объективті болды: артистизм, қозғалыс күрделілігі, орындау композициясы мен техникасы, музыка әуені үйлесімділігі мен қозғалыстың синхрондылығы. Көптеген командалар бірдей костюмде өнер көрсетті, ал 2 курс экономистері жеңімпаз атанды. Олардың өнерлері жаңажылдық тақырыпта соған сай мерекелік атрибуттармен орындалды.

2 курс филолог студенттер тобы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қазақстандық әншінің әніне заманауи би көрсетіп, төрешілер мен көрермендерді тәнті етті. Көрермендер мен жанкүйерлер қатысушыларды әнмен, бимен, қошемет сөздерімен қызу қолдап отырды.


[нақтырақ]