Жақында, 2016 жылғы 17 қарашада М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында жыл сайынғы спартакиада басталды, онда спорттың мынадай түрлері қамтылады: шахмат, тоғыз-құмалақ, үстел теннисі, волейбол, футбол және т.б..
Жарыстар үстел теннисінен басталды. Бұл бәсекеде түрлі курс пен түрлі мамандықтар бойынша оқып жүрген 20-дан астам студент қатысты.
Табан тірескен жарыс нәтижесінде, бірінші орынды Жалғас Ержанов, ВМ-21, иемденсе, екінші орынды Алихан Байсанов, Э-11, иемденді. Үшінші орынды Рамазан Кунакбаев, ММ-11 иемденді. Қыздар арасында ең үздік атанған Фатима Абибулаева, Э-12, болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Алайда жарыстар енді ғана басталды. Ең қызықты жарыстар алда күтіп тұр! Алдағы жұма күні тоғыз-құмалақтан турнир басталады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Мәтін: Кирилл Бордунов