2016 жылғы 24 қазанда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының 15 жылдығына арналған Мәскеу университетінің Қазақстандағы күндері аясында «Қазақстан дамуының жаңа экономикалық саясаты: бағыттары мен өсу факторлары» атты Дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел аясында дамудың жаңа экономикалық саясаты мазмұны бойынша, дағдарыстан шығу бойынша, экономикалық өсудің жаңа факторларының мазмұны бойынша, Еуразиялық экономикалық одақтың дамудың жаңа саясатындағы басты бағыт ретіндегі орны бойынша сұрақтар талқыланды.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстанда және шетелдерде белгілі және беделді ғалымдар мен эксперттер қатысты. ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары, магистранттары мен студенттері Дөңгелек үстелдің қонағы ретінде қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы - экономика ғылымдарының докторы, профессор А.В.Сидорович болды. Өз сөзінде ғалым Қазақстанның экономикасы қазіргі кезде кездесіп отырған басты сын-тегеуріндерін ерекше атай отырып, дамудың жаңа экономикалық саясатын таңдаудың түйінді мәселелерін атап көрсетті.