12 қыркүйекте ҚР Ұлттық Банкі «Макроэкономикалық модельдеу: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі модельдеу жүйесі және Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстары» тақырыбында алғашқы ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференцияға Ұлттық банк сарапшылары, Ұлттық экономика Министрілігінің, жетекші ғылыми-зерттеу институттарының және жоғары оқу орындарының, оның ішінде М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы, Назарбаев Университет, Қ. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, КИМЭП университеті қатысты. Ұлттық Банк сарапшыларының қатарында ММУ Қазақстан филиалының түлектерін - Нурахметов Дархан Жангельдыевич пен Орлов Константин Вадимовичті кездестіру қуанышқа бөлеген еді.
Ю.В. Баева «Экспортқа бағдарланған елдердегі жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікті бағалау (Қазақстан мен Ресей үлгілерінде)» деп аталатын тақырып бойынша В.Н. Сидоренкомен (ММУ Мәскеу экономика мектебінің эконометрика және экономиканың математикалық әдістері кафедрасының доценті) және Д.Б. Кунашевамен (Қазақстан филиалының экономика кафедрасының доценті) бірігіп жүргізген зерттеулерінің нәтижелеріне арналған баяндамасын ұсынды.