2016 жылғы қыркүйек айының 8 мен 16 аралығында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Қазақ тілі апталығы өткізілді. Дәстүрлі түрде өткізілетін Апталық Филиалда қазақ тілін оқыту үдерісінің құраушы бөлшегіне айналып келеді.
Биыл Қазақ тілі апталығы Қазақ тілі - халық қазынасы, ұлт шежіресі» тақырыбында өткізілді. Апталықты өткізудің мақсаттары:
- студенттердің қазақ тілін үйрену мотивациясын күшейту;
- қазақша сөздік қорын байыту;
- студенттердің дүниетанымдық ой-өрісін кеңейту;
- қазақша тіл мәдениеті мен жалпы мәдени деңгейін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Апталықтың ашылу салтанатында филология кафедрасының профессоры Құрман Н.Ж., ғылым магистрлері, аға оқытушылар Жолмакова-Джарболова Д.М. және Кусубаева Қ.М. апталықтың ашылуымен студенттерді құттықтап, Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі туралы көп қызықты ақпараттар айтып берді. Сол күнгі сабақтардың тақырыптары қазақ тіліне арналды.
Осы күні, 8 қыркүйекте «Мемлекеттік тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында студенттер арасында шығарма жазу сайысы ұйымдастырылып өткізілді.
9 қыркүйекте «Тіл - халық қазынасы, ұлт шежіресі» тақырыбында қаырға газетін шығару сайысы өткізілді.
13 қыркүйекте «Жас дәурен» атты қазақша өлең оқу бәйгесі өткізілді, оның модераторы ғылым магистрі, аға оқытушы Жолмакова-Жарболова Д.М. болды. Сутденттер Абайдың, Шәкәрімнің, С.Сейфуллинннің, М.Мақатаевтың, М.Шахановтың тағы басқа ақындардың өлеңдерін оқыды.
14 қыркүйекте «Елімді жырлаймын» атты қазақша ән айту сайысы өткізілді, оның модераторы ғылым магистрі, аға оқытушы Кусубаева Қ.М. болды. Студенттер жюри алдында Абайдың және заманауи қазақ әндерін орындады.
15 қыркүйек күні педагогика ғылымдарының докторы, профессор Құрман Н.Ж. және 1 курс магистранттары (филология) «Мемлекеттік тіл мәртебесі – ел мерейі» тақырыбында Дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіндегі дамуы туралы, адам тілінің феномендік құбылыс екендігі туралы, үштілділік туралы ойларымен бөлісті. Филология кафедрасының үштілді, қазақ, орыс, ағылшын, неміс, түрік тілдерін жақсы меңгерген жас мамандары, ғылым магистрлері Задорожная Л.А., Жолмакова-Жарболова Д.М., Кусубаева К.М. тіл үйренудегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
Апталықтың жабылу салтанатына кафедра меңгерушісі профессор Власова Г.И. қатысып, 1 курс студенттері «Қазақстандағы тілдер күніне» арналған өлеңдер оқыды.
Шығарма жазу, қабірға газетін шығару, өлең оқу, ән айту конкурстарында жүлделі орын алған студенттер Дипломмен және Алғыс хаттармен марапатталды. Ол студенттер:
Ан Кирилл (Э-1), Сурукпаев Аслан (ММ-1), Бактыбекова Томирис (Э-1), Сунгат Камиля (Г-2), Цыгельная Полина (Ф-1), жангуразова Мадина (Ф-2), Абибуллаева Фатима, Абылкасымова Айдана (Э-1), Берлесова Алида (Г-1), Каратаева Ажар (Ф-2), Захарова Анастасия (Г-1), Мукатова Аида (Э-1), Кубекбаева Томирис (Ф-1), Тулемисова Батима (Ф-1).
Қабырға газеті бойынша: 1-орын – Ф-1, 2-орын - ММ-1.
Апталықтың жоспары орындалды. Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Барлық атқарылған жұмыстар студенттерге өзінің тілдік, зияткерлік, шығармашылық және танымдық қабілеттерін жыраққа шығаруына мүмкіндік берді, көмектесті. Студенттерді осындай шығармашылық жұмыстарға тарта отырып, біз оларға қызықты лингвомәдениеттанымдық, интерактивтік сипаттағы қазақ тілі туралы материалды таныта аламыз. Барлық іс-шара қазақ тілінде өткізілді.
Филология кафедрасы қазақ тілі секциясының жетекшісі:
профессор Құрман Н.Ж.,
педагогика ғылымдарының докторы
Фото: Курман Н.Ж, Карамсаков Д.