25.09.2017

Филология кафедрасының мерейтойы


Өзінің 15-жылдық мерейлі тойын М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы филология кафедрасының 10-жылдық мерейтойымен жалғастырды. 2017 жылғы 25 қыркүйекте конференц-залда кафедраның 10-жылдық тойына арналған XIV Күзгі русистика мектебі салтанатты түрде ашылды.


Пленарлық мәжіліс мерекелік күйде өткізілді. Кафедраның мерейтойымен құттықтауға әріптестер, сыйлы қонақтар, түлектер мен магистранттар, студенттер жиналды. Мерейтой иелері мен қонақтарды осынау мерекемен құттықтау үшін ең алдымен ММУ ҚФ директоры А.В. Сидорович сөз алды. Ол өз сөзінде филология кафедрасының 10 жыл ішінде ұзақ та мерейлі жолмен жүріп келе жатқанын, қаншама табыстарға қол жеткізгенін ерекше атап өтті. «ММУ Қазақстан филиалы өзінің басты міндеттерінің бірі ретінде ортақ бейбітшілікті, Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын бейбіт қарым-қатынасты сақтау мен дамыту жолын ұстанады, - деді директор. - Біздің халқымыздың даналығы сонда, алдағы ұрпақтар қол жеткізген байлықты жоғалтып алмай, үстемелеп байыта түсуіміз керектігін санамызға сініріп кеткен. Орыс тілі - зор байлық, оған Қазақстанда қолдау жасап отырған Президент Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясаты, нақты практикада көрініс табуы - филологтердің міндеті. Филиалда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры М.Ж. Жолдасбековтің қолдауымен ашылған филология кафедрасы аталған іске аса кәсіби тұрғыдан қарайды». Директор сөзінің соңында осындай үлкен ортақ іске өз үлестерін қосқаны үшін филология кафедрасының меңгерушісі Г.И.Власоваға және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына алғысын білдірді.

 

[нақтырақ]