Мұғалімдер күні қарсаңында, 2017 жылғы 29 қыркүйекте сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханада «Данышпанның ғылыми өмірі...» атты семинар өткізілді. Оған ММУ Қазақстан филиалының оқытушылары мен студенттері қатысты. Семинар ғалым,филолога-фольклорист, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынов Едіге Даригуловичтің (10.08.1941 – 24.12.2016) өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметіне арналды.
Модератор - Е.Д. Тұрсыновтың шәкірті, жазушы, аудармашы, ф.ғ.к., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (г. Алматы) кафедрасының доценті Қайрат Жанабаев. Семинарды Н.Ж. Шаймерденова ( идея авторы, жоба жетекшісі), М.А. Бурибаева, Д.Б. Аманжолова, Ж.Д. Маликова ынтагерлік тобы мен ҚР ҰАК бірігіп ұйымдастырды. Бұл іс-шара «ДӘУІР МЕН ТҰЛҒА» атты, отандық филология ғылымы мен ұлттық мәдениетке сүбелі үлес қосқан көрнекті адамдар туралы 10 шығармашылық кездесу өткізуді жоспарлаған шағын симпозиумының төртінші маусымын ашты.
М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасынан семинарда ф.ғ.д., профессор Т.В. Кривощапова сөз сөйледі. Баяндамашы «Қазақ ертегісінің генезисі» кітабындағы «ғалымның түбегейлі жаңашылдығын» атап көрсетті. Онда ғалым ертегінің өзіндегі ерекше синтезге талдау жасаған болатын. «Алған білімінің арқасында ғалым Еуропалық және Россия фольклористикасының ғылыми аппаратын меңгерді. Ол білімі филолога-фольклористің еңбектерінде көрінісін тапты. Оның докторлық диссертациясы «Қазақ фольклоры иелерінің ежелгі типтері» (генезис және типология)» (2003 ж.) тамаша қорғалған еді және ол ежелгі түркі фольклорын зерттеуге арналған еді.