30.09.2017

Қазақстандағы және оның шектес аймақтарындағы этнодемографиялық үдерістер


2017 жылғы 28-29 қыркүйек күндері Өскемен қаласында «Қазақстандағы және оның шектес аймақтарындағы этнодемографиялық үдерістер» атты XVI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл іс-шара «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» 25 жылдығына арналып өткізілді.

Конференцияның ұйымдастырушылары – Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, ШҚО әкімдігі аппаратының КГУ «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы», НЭГ АНК ВКО, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих факультеті, филология және халықаралық қатынастар факультеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Алтайтану» ҒЗО, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәңгілік ел» гуманитарлық және саяси зерттеулер орталығы, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің тарих кафедрасы, «Қазақстан жолы және Н. Назарбаев» Алтай мемлекеттік университетінің (Россия, Барнаул қ.) құрметті кафедрасы.

Қонақтарды қарсы алу сөзімен Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Л. Краснобаева, Қазақстан Республикасы Мәжілісі Парламентінің вице-спикері В.К. Божко, ҚР Парламент Сенатының депутаты С.В. Плотников, Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.Н. Прокопенко сөз сөйледі.


[нақтырақ]