Филиалда қалыптасқан дәстүр бойынша, бір ай оқудан соң, 2 қазан күні бірінші курстықтарды студент қатарына қабылдау өткізілді. Бұл мереке Ұстаздар күнімен қатарлас болып еді. Студенттер бірінші курстықтар мен жоғары курстықтардың біріккен концертін әзірлеп өткізді.
Концертті жүргізушілер – Владислав Красножон мен Аида Мукатова ашты. Олар барлық студенттер мен Филиалдың атынан оқытушыларды төл мерекесімен құттықтап, олардың еңбегі мен қамқорлығы үшін алғыс айтты. Директордың ғылым мен тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Армана Ормашович Саулебеков бірінші курстықтарға ақ жол тілеп, сөз сөйледі.
Құттықтаң бағдарламасы екінші курс студенті Бек Кабдуалидің және бірінші курс студенті Милена Михельдің өздері шығарған өлеңімен басталды. Сонымен бірге үшінші курс студенттері Дарья Маркова и Айдана Хабиеваның орындауында «Someone in the crowd» әні шырқалды. Құттықтаудан соң сахнаға бірінші курс студенттері өз топтарын таныстыру үшін шақырылды.
Бірінші курстықтармен таныстыру конкурс түрінде өткізілді. Әр команданың орындаған номерін қазылар алқасы сынады, оның құрамында Мәскеу университеті мен Қазақстан филиалының барлық оқытушылары кірді: директордың ғылым мен тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, физика– математика ғылымдарының докторы, профессор, Армана Ормашович Саулебеков, география ғылымдарының кандидаты, геоморфология мен палеогеография кафедрасының доценті Беляев Юрий Ростиславович, филология ғылымдарының кандидаты, классикалық филология кафедрасының доценті Забудская Яна Леонидовна, классикалық филология кафедрасының аға оқытушысы Муханова Вита Витальевна, экономика кафедрасының оқытушысы Горбач Глеб Георгиевич болды.