03.10.2017

Филология кафедрасының ғылыми семинары


Ағымдағы жылдың 3 қазанында интермәтіндік мәселесіне арналған ғылыми семинар болып өтті. Бұл тақырып орыс тілін шет тіл ретінде оқыту әдістемесіне бағытталады. Семинарды М.В.Ломоносов атындағы ММУ филология факультетінің гуманитарлық мамандықтарда оқитын шетелдік студенттерге арналған орыс тілі шет тілі ретінде кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ирина Иосифовна Яценко өткізді.

 

Семинар жұмысына филология кафедрасының оқытушылары, магистранттар, студент-филологтер белсенді қатысты. И.И. Яценконың сөй»леген сөзі 2 бөлімнен құралды: ол қатысушыларды интермәтіндік теориясымен таныстырды, олардың қызметтеріне түсініктеме берді, соңынан классикалық және заманауи мәтіндердің түйіскен нүктесіндегі нақты мәселелерге назар аударды. Талдау негізіне Иван Бунинннің «Легкое дыхание» және Виктор Пелевиннің «Ника» әңгімелері алынды. Тыңдаушылар ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдап, буниндік кейіпкерлер мен В.Пелевин әңгімелеріндегі мотивтердің ауысуын түсінушілікпен қабылдады.

Семинар интермәтіндік контактілері бар басқа көркем әдеби мәтіндердегі осыған ұқсас үлгілерді талқылаумен аяқталды.

Ғылыми семинарларды М.В.Ломоносов атындағы ММУ оқытушылары жүргізетінін және филологияның өзекті мәселелеріне арналып отыратынын ескерте кетеміз.