17.10.2017

Цветаева алауы


Қызыл қылқаламмен

Жарқ етті Шетен.

Төгілді Жапырақ,

Дүниеге келдім мен.


ММУ ҚФ филология кафедрасының оқытушылары мен студенттері Астана қаласындағы Ресей ғылым және мәдениет орталығында Марина Цветаеваға арналған поэзия кешін өткізді. Биыл қатысушылар мен ұйымдастырушылар осы кеште Марина Ивановна Цветаеваның 125-жылдығын тойлады.

Ағымдағы жылдың күзінде орыстың атақты ақын қызы Марина Цветаеваның шығармашылығымен таныс болғандардың барлығы оны туғанына 125 жыл толуын тойлады. М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы да мұндай мерейлі күнді тойдын қалыс қалмады. 17 қазан күні филология кафедрасы поэзия кешін ұйымдастырып өткізген еді.

Аталған іс-шараның кіріспесінде Астана қаласындағы РЦНК басшысы В.Л.Нефедов шырақтар жағып, соңынан ММУ ҚФ филология кафедрасының профессоры Т.В.Кривощаповаға сөз берді. Татьяна Васильевна Марина Цветаеваның өмірі туралы, оның шығармашылығы туралы кештің жарқын сәттерін молайта баяндап берді.


[нақтырақ...]