Жексенбі күні, 2017 жылғы 22 қазанда, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Ашық есіктер күні өткізілді. Аталған іс-шарада болашақ талапкерлерге және ата-аналарға университет туралы және оның өзіндік артықшылықтары туралы ақпараттар алу мүмкіндіктері ұсынылды
Дәстүр бойынша, қонақтарды ММУ Қазақстан филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сидорович Александр Владимирович қарсы алды. Президиум құрамында физика-математиа ғылымдарының кандидаты, доцент Полосин Алексей Андреевич, география ғылымдарының докторы, доцент Жиндарев Леонид Алексеевич, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Зубенко Вера Андреевна, деканның шетелдік білім алушылармен жұмыс бойынша орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Кедрова Галина Евгеньевна, ММУ Қазақстан филиалының математика және информатика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Нурсултанов Ерлан Даутбекович, директордың ғылым және тәрбие істері бойынша орынбасары, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Саулебеков Арман Ормашович, директордың оқу істері бойынша орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, лингвистианың ассоциациялық профессоры Котлярова Тамара Григорьевна болды.
Іс-шараның ресми бөлімі аяқталған соң, қонақтар аудиторияларды аралап, Филиалдың оқытушыларымен жақын танысу үшін, түсу сынақтары сұрақтарына жауап алу үшін, таңдаған бағыттары бойынша білім алудың өзіндік ерекшеліктері жөнінде білу үшін оқытушыларымен сұхбаттасты.
Ашық есіктер күні болашақ талапкерлер мен ата-аналардың ММУ Қазақстн филиалында білім алуына байланысты үлкен қызығушылықтарын, әлемге кең танылған, беделді және болашақта үлкен мүмкіндіктер ашатын Мәскеу университетінің дипломын алуға деген ынтасын көрсетті.
Фото: Д.Б. Карамсаков (Фотогалерея)