31.10.2017

«Қазақтардың мемлекеттілік » монографиясы


Тарих ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Алтайы Иранбекқызының «Қазақтардың мемлекеттілік» монографиясы 2017 жылы 24 қазанда «PRESS-BOOK.Ru» атты Мәскеу баспасында жарық көрді (көлемі 23 б.т.).

Монографияда қазақ мемлекеттілігінің генезисі мен эволюциясының теориялық-әдіснамалық мәселелерін тұжырымдамалық тұрғыдан анықтауға ұмтылыстар жасалынады.

Зерттеудің өзегінде Қазақстан территориясында мемлекеттік құру архитектурасының ерекше айшықты конструкциясы мен әмбебап матрицасы қарастырылады.

 Автор ұсынатын мемлекеттілікті зерттеудің проблемалық қырлары, атап айтқанда, «мемлекет», «мемлекеттілік» ұғымдарының корреляциясы, «территория», «топтық адам», «әлеуметтік кеңістік», «соғыс», «өкімет», «символизм», «архетип» катгорияларын түйсіну барысы полития жүйесінің, саяси мәдениет стильдерінің, геосаяси негіздерінің, қазақтардың ұлттық мемлекеттілігінің әлеуметтік-мәдени аспектілерінің табиғаты мен қалыптасу себептерін ашуға себін тигізеді.