30 қазанда М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының филология кафедрасында MOOC – Massive Open Online Courses (Бұқаралық ашық онлайн-курстар) тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
Семинарды Мәскеу мемлекеттік университетінің филология факультеті деканының орынбасары, орыс тілі кафедрасының доценті Г.Е. Кедрова өткізді.
Семинар аясында Г.Е.КЕдрова заманауи білімдің порталдар туралы айтып берді. Олардың ішінде әрбір қалаған адамға тегін және өзіне ыңғайлы уақытта қосымша білім алуға мүмкіндік беретін онлайн-курстардың алатын маңызды орны туралы тоқталды. Алғашқы ірі порталды – Coursera – 2011 жылы Стэнфорд университетінің базасында Дафна Коллер ашқан болатын. MOOC идеясы – әлемдегі ірі университеттердің оқытушылары онлайн-курстар жүргізеді, ол курс әлемдегі кез келген адамға қолжетімді болып, қатыса алады. Барлық тапсырмаларды орындаған және көрсетілген модульдерді игерген жағдайда курстың аяғында тыңдаушыға сәйкес университет ұсынатын сертификат беріледі.