М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының әлеуметтік-гуманитарлық білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы және еуразиялық мәдениеттің ғылыми-білімдік орталығы 2017 жылғы 8 қараша күні Еуро-Азиялық географиялық қоғамдастықтың төрағасы, тарих ғылымдарының докторы Абсеметов Марат Орлабаевичтің Томск мемлекеттік университетінің баспаханасында жарық көрген «Ресей – Қазақстан: ғалымдардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі» атты кітабының тұсаукесерін өткізді.
Іс-шараға В.И. Вернадский атындағы қордың төрағасы А.Х. Найманов, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің және «Астана»университетінің оқытушылары, қызметкерлері және студенттері қатысты.
Қатысушыларға арналған қошемет сөзімен М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы директорының орынбасары Т.Г. Котлярова, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Р.Ж. Абдильдина, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Ж.А. Ермекбай қатысты. Ол осы жылдың қазан айында Томск Ұлттық зерттеу университетінде докторлық қорғаған М.О.Абсеметовтің оппоненті болды және осы өткен тұсаукесердің де өткізілуіне ұсыныс жасаған болатын.