18.11.2017

География апталығы – 2017


М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы қабырғасында 2017 жылғы 13-18 қараша күндері экология және табиғатты пайдалану кафедрасы дәстүрл география апталығын өткізді. Апталық биыл «ЭКСПО-2017» тақырыбына арналды.

География апталығын өткізудегі міндет – Филиал студенттерінің географияны, экологияны терең танып-білуге қызықтыру, қоршаған ортаға деген аялы көзқарасын қалыптастыру, әлеуметтік, мәдени және қоғамдық белсенділігін арттыру, дарынды студенттерді анықтау, сонымен бірге студенттердің ғылыми-мәдени білімге деген ынтасын және құлшынысын дамыту.

Мерекенің алғашқы күнінен бастап-ақ студенттер «Әлем географтардың көзімен» тақырыбында экология бұрышын әзірлеп, онда «ЭКСПО-2017», «Энергияның балама көздері», «Эко-модернизм» тақырыбында қабырға газеталары және макеттер қойылды. Фотосурет конкурсы «Бізді қоршаған әлем» аталымы бойынша өткізілді. Онда, бір жағынан, көркем сурет пейзаждары, муретке түсірудің ерекше ракурсы мен қоршаған орта кеңістіктерін визуалдаудың ерекше тәсілдері берілсе, екінші жағынан, Қазақстан аймақтары мен қалаларының экологиялық мәселелері, антропогендік қызметтің салдарлары көрсетілген.

География апталығының аясында Қазақстан филиалының басқа факультеттерінің студенттері үшін «Не? Қайда? Қашан?», «Қазақстан қалалары» атты географиялық викториналар өткізілді. Бұл викториналар аса талантты студенттерді анықтауға ғана емес, барлық қатысушылардың ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізді.

География апталығы – М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалындағы география факультетінің студенттері үшін дәстүрлі мереке болып табылады. Апталық барлық курс студенттерінің басын қосып, жаңа идеяларға шабыттандырады. Болашақ эколог мамандар ретінде студенттер белсенді өмірлік ұстанымдармен қаруланып, заманауи геоэкологиялық мәселелерді шешуге қатысты өз білімі мен дағдыларын басқа мамандыққа дайындалып жатқан студенттермен бөлісуге, сол арқылы мәдени және қоғамдық белсенділікке ие ететін құнды тәжірибе игеруге шынайылықпен ұмтылады.


[толығырақ]