2017 жылғы 16 қарашада Копенгаген университетінің Жер туралы жәнетабиғи ресурстарды тиімді пайдалану ғылымдары департаментінің ассоциативтік профессоры Александра Владимировича Прищеповтің «Орталық Азияда жер пайдаланудың өзгеру үдерістерін зерттеу үшін қашықтан зондтпен тексеру мәліметтерін қолдану» тақырыбында ашық дәрісі болып өтті.
Александр Владимирович – қоршаған ортаны қашықтан зондтау, жерді пайдалануды модельдеу, адам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін интеграциялық зерттеу салаларының белгілі маманы. А.В. Прищепов жерді рационалды пайдалану саласындағы ғылым қорларымен, сонымен қатар мемлекеттік ұйымдармен (Ресей, Қазақстан, Грузия, АҚШ, Германия, Эстония), үкіметаралық ұйымдармен (UNEP, European Commission) өзара тығыз байланыста жұмыс жасап, оларға қолдаулар көрсетіп тұрады. А.В. Прищеповтің ғылыми жобалары мен далалық зерттеулері Қазақстанның далалық аймақтарын тануға бағытталған. Қазіргі кезеңде Александр Владимирович «Солтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірістерінің болашақ сценарийлері» атты жобамен жұмыс үстінде.