Қазан айында М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қабырғасында математикадан мектеп оқушыларының Қалалар Туринирі атты олимпиадасы өткізілді, онда Астана қаласының 230-дай оқушысы қатысты. Қуанышпен атап өтерлік жайт, аталған олимпиадаға астаналық метептердің ең күшті оқушылары қатысты!
М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан Филиалының оқытушысы Ален Жумагалиевич Баевтың жетекшілік етуімен қазылар алқасының қатарында Филиалдың үздік студенттері Әскерғали Әнуар, Бекмаганбектов Бекарыс, Вагнер Алан, Понамарев Валерий де қатысқан еді. «Қалалар турнирін» ұйымдастыруға, әдеттегідей, атсалысқан – Еуразаия ұлттық университетің механика-математика факультетінің математика және компьютерлік модельдеу кафедрасы доценті Карлыгаш Бегахметовна Нуртазина болатын. Ол бірнеше жылдар бойы Турнирдің ұйымдастырушысы болып келеді.
Олимпиада қорытындылары бойынша, төменгі лиганың (6-9 сыныптар) 25 жеңімпазы, жоғары лиганың (10-11 сыныптар) 15 жеңімпазы анықталды. Үздік жұмыстар Мәскеу қаласына жіберіледі. Олар Қалалар Турнирге қатысушылардың ішіндегі дипломға ұміткерлер қатарында болады. Ал үміткерлер дегенімізі – әлемнің бұрыш-бұрышындағы 100-ден астам қала! Ақырғы қайта тексеру нәтижелері оқу жылының аяғында белгілі болады (көктемгі тур нәтижелерімен бірге). Қалалар Туринирінің дипломдарымен Астана қаласы оқушыларының ішінен, ең болмаса, кем дегенде, 11 балл жинаған оқушылар марапатталады.