23.11.2017

Көркем мәтін зерттеу мен оқытудың нысаны ретінде


2017 жылғы 22 және 23 қараша күндері М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан Филиалында шет тілді ортада көркем мәтінді талдау мәселелеріне арналған «Көркем мәтін зерттеу мен оқытудың нысаны ретінде» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға филология кафедрасының оқытушылары, бірінші және екінші курс магистранттары қатысты. Модераторлары - Мәскеу университеті филология факультетінің доценті, ф.ғ.к. Л.А.Нестерская және доцент Е.Ю. Николенко қатысты.
Конференция барысында екінші курс магистранттарының 10 баяндамасы тыңдалды. Магистранттар ХХ-ХХІ ғасырдағы орыс әдебиеті туындыларынан жақсы білімдерін танытты. Өздерінің шеттілді аудиторияда осы мәтінді қалай түсіндіре алатынын көрсетті. Л. Толстого, И. Бунин, А. Чехов, А Куприн, В Шукшин, Г. Сапгир шығармаларының туындыларын түсіндіру барысы таныстырылды.

[толығырақ]