30.11.2017

Қазақ тілі апталығы – 2017


2017 жылғы  27 қараша мен 30 қараша аралығында М.В.Ломоносов атындағы Қазақстан филиалында шығармашылық қазақ тілі апталығы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: қазақ тілін студенттер мен магистранттар арасында кең тарату; үштілді кеңістік қалыптастыру; тілдік дағдыларын дамыту және қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мәдениетіне тәрбиелеу; қазақ тілінде қарым-қатынас жасау қажеттіліктерін қалыптастыру; студенттер мен магистранттардың ой-өрісі мен танымдық белсенділігін кеңейту. Қазақ тілі апталығы жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді және бірнеше негізгі бөліктерден құралды.

27 қарашада қазақ тілі апталығының ашылуы салтанатты түрде өткізілді. Қошемет сөзбен Филиал директоры профессор Александр Владимирович Сидорович сөйледі. «Бұл іс-шара біздің Филиал үшін үлкен оқиға болып табылады, өйткені біздің Филиал Қазақстан үшін мамандар дайындап жатыр. Сіздер оқу бітіріп, еңбек етуге кіріскенде, қазақ тілін білу талабы, шүбәсіз, биік болады», – деп атап көрсетті Александр Владимирович өз сөзінде.

Қазақ тілі апталығы төртінші жыл қатарынан өткізіліп отыр, осылай бұл іс-шара игі дәстүрге айналды. Еркін де мәнді іс-шараларға қатысқан студенттер мен магистранттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін одан әрі меңгеруге деген өздерінің ішкі ықыластары мен ниеттерін күшейтуге жақсы септігін тигізді.

[толығырақ]