М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Филология» бағытында оқитын студенттер мен магистранттар танымал ақын, көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер, елші, бірқатар лингвистикалық зерттеулердің авторы Олжас Омарович Сулейменовпен болған кездесуге қатысты.
Бұл ретте іс-шараның ЮНЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық комиссиясының 25 жылдығына арналып өткізілгенін атап кету керек. Ал Олжас Омарович Сулейменов юолса, ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып табылады.
Кездесу барысында жақында түркіславистердің конференциясына қатысып келген Олжас Омарович, түркі жазуының тарихы туралы, қазақ алфавитінің кирилицамен түпкі байланыстары жөнінде айтып берді. О.Сүлейменов еліміздің тілдік саясатын жүргізудегі маңызды шешімдерді қабылдауда бір нүктеде түйіскен ғылымдар саласында лингвистикалық зерттеулер жүргізудің маңыздылығына баса назар аударып өтті.