2018 жылғы 17 қаңтарда Филиалдың Ғылыми кеңесі мәжілісі өткізілді. Кеңес жұмысында Үкіметаралық келісімге қол қойылуымен байланысты Филиалдың оқу жұмысын жетілдіруге қатысты мәселелер, Филиалдың 23017 жылғы ғылыми жетістіктері туралы, талапкерлермен жұмыс жасау мәселелері, Филиалдың өміріне қатысты басқа да мәселелер қарастырылды.
Ғылыми кеңес шешім қабылдаған көптеген мәселелердің ішінде келесілерді атап кетуге болады.
Ғылыми кеңес мүшелері Филиал директоры А.В. Сидоровичтің ММУ Қазақстан филиалының студенттерін біртіндеп М.В. Ломоносов атындағы ММУ ОСУ әзірлеген интеграцияланған магистратура бағдарламаларына көшіреу туралы ұсынысына қоолдау білдірді. ММУ Қазақстан филиалының жас оқытушыларына қолдау көрсетуге арналған бағдарламаны дамыту туралы маңызды шешім қабылдады.
Мәтін: А.Р. Сулькарнаева