19.10.2018

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының филологтері Лицей күнін атап өтті


2018 жылғы 19 қазанда ауа райы соншалықты суық, сүреңсіз сияқты болса да, филологтердің «Лицей күнін» атап өту дәстүріне кедергі бола алмады. Бұл күн Александр Сергеевич Пушкин түлегі болған лицейлердің құрметіне арналған.


ММУ Қазақстандық филиалының студенттері және іс-шараға келген қонақтар А.С. Пушкин ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «Өзіне қол жетпес ескерткіш қойған» ақынға өлеңдер арналды: қазанның салқын күндерінде пушкиннің сырлы сезімге толы өлеңдерін оқыған дауыстар ауаны Отан туралы, бостандық, достаық, махаббат пен адам баласының өмірінің мәні туралы мазмұнға толтырып әкетті. Александр сергеевичпен жүргізілген осынау диалог – уақыт талабына қарсы тұра алатын мәңгілікке жолдама алған ақын сөзінің қуатын танытқандай еді, мұны осы іс-шараның әрбір қатысушысы жан дүниесімен түсінгендей еді.


[нақтырақ...]