2018 жылғы 30 қазан күні М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалында дәстүрлі түрде фольклорлық тәжірибе бойынша есептік конференция болып өтті. Фольклорлық тәжірибе Шучинск қаласында және аймақтың басқа да ауылдарында өткізілген еді.
Конференцияны филология кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, фольклорлық тәжірибе жетекшісі Г.И. Власова ашты. Галина Ивановна биыл фольклорлық тәжірибенің қалай өткені туралы айтты, қызықты жайттармен бөлісті, сонымен бірге хор жетекшісі Наталья Аркадьевна Ивановаға «Берегиня» фольклорлық ансамбілнің жетекшісі ретінде жеке алғысын білдірді.
Екін курстықтар Шучинск қаласы мен Қотыркөл аулының тарихын баяндап берді. Бұл елді мекендерді Қазақстан мен Ресейдің түрлі аймақтарынан келген адамдар мекен етіп жатыр. Қазіргі кезде бұл жерде қазақтар, орыстар, украиндар мен челябі казактары тұрып жатыр. Мұның өзі түрлі мәдениеттердің ықпалдасуы мен олардың өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беруде.