Дәстүрлі іс-шараға қатысушыларды филология кафедрасының меңгерушісі Г.И. Власова қошемет сөзбен қарсы алды. Галина Ивановна аудиторияның назарын таңдалған тақырыптың өзектілігіне аударып, «Жас филология» атты магистранттардың ғылыми бірлестігін ұйымдастыруды ұсынды.
Мәскеу университеті орыс тілі стилистикасы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы И:В. Анненкова өзінің сөзін ММУ журналистика факультеті редакциялау теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы О.С. Стыкалинаға арнады. Оның өз ісінің шебері болғандығына, қарапайым да еңбекқор адам екендігіне, тұлға және еңбегі арқылы ұжымға және студенттерге сыйлы екендігіне назарын аударды.