ММУ Қазақстан филиалында 2018 жылғы 3-9 желтоқсан аралығында География апталығы өткізілді. Апталық Мәскеу университетінің географиялық факультетінің 80 жылдығына арналып өткізілді.
География апталығының өткізілуі мақсаты - студенттердің географиялық пәндерді меңгеруге деген қызығушылықтарын дамыту, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу, студенттерді әлеуметтік, мәдениет және қоғамдық белсенділікке тәрбиелеу, олардың шығармашылық белсенділігі мен ғылыми-мәдени білімділікке баулу.
Биылғы жылы дәстүрлі түрде экология және табиғатты пайдалану кафедрасы ұйымдастырған аталған іс-шара «Су – өмір көзі» деп аталды. Сондықтан Апталықтың алғашқы күні «Экология және табиғатты пайдалану» бағытындағы 1 курс студенттерінің орындауындағы «Тірі толқын» флешмобын орындаумен басталды.