14.04.2017

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының түлектері Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасындағы бос лауазымдық орындарға жарияланған конкурстық іріктеуден өтті


Біздің түлектеріміздің жеңістері

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының түлектері Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасындағы бос лауазымдық орындарға жарияланған конкурстық іріктеуден өтті. Бұл туралы 4 наурыз күнгі ҚР Бас прокурорының ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке қою Комитетінің жаңа басшысы Бағдат Мусинмен болған қорытынды әңгімелесуден соң белгілі болды. Бас прокурор үш кандидатураны бекітті, олардың қатарында Мадияр Хамзанов пен Дмитрий Мун енген болатын.

Мадияр Хамзанов ММУ ҚФ «Математика» бағыты бойынша 2016 жылғы түлек болса, Дмитрий Мун – «Қолданбалы математика және информатика» бағыты бойынша 2014жылғы түлек болып табылады.

Қосымша ақпарат мына сайтта орналастырылған:

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/bagdat-musin-obyyavil-rezultatyi-poiskov-matematikov-313672/