2017 жылғы 21 наурызда Филиал директоры профессор А.В. Сидорович пен бірінші орынбасары С.В. Богомолов Мәскеуде кіріктіре оқыту жүйесінде оқып жатқан Филиал студенттерімен кездесті. Александр Владимирович студенттерді Наурыз мейрамымен құттықтады және ағымдағы жылғы оқуды аяқтау мен түлектер шығару тәртібі жөнінде айтты.