06.09.2019

Студенттік кеңестің жаңа оқу жылындағы алғашқы отырысы



aOj0xZwVNkUs.jpg


2019 жылғы 5 қыркүйекте М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Студенттік кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді. Жиынға Филиал директоры А.В. Сидорович, директордың бірінші орынбасары С.В. Богомолов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Г. Котлярова, директордың ғылыми және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.И. Оразбаева, Филиалдың оқытушылары және оқу топтарының старосталары қатысты.


Студенттік қауымдастықтың түйінді мәселелері және Филиал әкімшілігімен өзара байланысы талқыланған отырыс барысында, Филиал директоры А.В. Сидорович сөз сөйледі. Ол студенттерді Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының қызмет етуі туралы Келісімінің негізгі қағидаларымен таныстырды. Сонымен бірге ол Филиалдағы жаңартылған оқыту процесінің қалай өтетінін және жаңартылған жағдайдағы ММУ факультеттерімен өзара байланыстың ерекшеліктері туралы айтып берді.


IMG_0022-09-09-19-03-32s.jpg


Филиал директоры студенттердің өз өмірлері мен білім алуының сан қырына қатысты көптеген сұрақтарына жауап берді. Жиналғандар осынау өзгерістер оқу процесінің сапасына да, ММУ Қазақстан филиалының алдына қойылатын стратегиялық міндеттердің орындалатынына да оң ықпалын тигізетініне сенім білдірді.


Осы жиналыста студенттік кеңес өткен оқу жылындағы орындаған жұмысы жөнінде есебін ұсынды. Кеңес төрағасы Дамир Мурзахметов (Г-31) хабарлап өткендей, өткен оқу жылында студенттер университет қабырғасында көптеген іс-шаралар атқарды, атқарылған істер студенттік кеңес пен Филиал әкімшілігінің арасындағы диалогтің нығаюына игі ықпалын тигізді, студенттер Қазақстандағы Жастар жылы бағдарламасының аясында өткізілген іс-шараларға қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан филиалының студенттік кеңесі өкілдері өз төрағаларының басшылығымен Stud Camp – 2019 ауқымды жастар іс-шарасына қатысты.


Студенттік кеңес отырысында жаңа төраға болып «Экономика» бағытының екінші курс студенті Амир Сулейменов сайланды, ол өзін қоғамдық жұмыстарда көрсете білді және оқу озаты болып табылады.


IMG_0020-09-09-19-03-32s.jpg


Студенттік кеңес секторларының төрағалары болып келесі студенттер сайланды:


·        Бауыржан Актай (қоғаммен байланыс);


·        Филипп Денисов (ғылыми сектор); 


·        Богдан Грушевский (спорт секторы);


·        Дарья Саженина (оқу секторы);


·        Кристина Рягузова (мәдени-бұқаралық сектор).


Александр Владимирович 2018-2019 оқу жылындағы студенттік кеңеске алғысын білдірді және жаңа құрамға табыс тіледі. Директор алдағы оқу жылының қызықты да жемісті оқу жылы болатынына өз үмітін білдірді.



Мәтін: Л. Задорожная

Фото: Филиалдың Студенттік кеңесі