12.09.2019

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау


2019 жылғы 11 қыркүйекте М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.


IMG_5704s.jpg


Филиалдың «Экономика», «Филология», «Экология және табиғатты пайдалану» бағыттары бойынша профессорлық-оқытушылық құрам мен бірінші курс студенттері Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым міндеттерді талқылады.


IMG_5579s.jpg


М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы директорының ғылыми және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.И. Оразбаева кіріспе сөзінде студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, оқу жылының басы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен тұспа-тұс келгенін атап өтті. А.И. Оразбаева өз сөзінде Президент Жолдауындағы негізгі бағыттардың Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Ұлт жоспары мен бес институционалдық реформаларымен сабақтастығына аудиторияның назарын аудард.


[нақтырақ...]