19.09.2019

Филиал директоры А.В. Сидорович Ресей Федерациясының Қоғамдық палата тыңдауларына қатысты


p1dkllopl855854r1sgtv51s7gj_700s.jpg


Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасында 11 қыркүйекте «Бюджеттік шығындар тиімділігін арттыру шаралары» тақырыбы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді, оған РФ Қоғамдық палатасының Хатшысы Валерий Фадеев қатысты.

Іс-шараны РФ ҚП экономиканы, кәсіпкерлікті, қызмет көрсету саласы және тұтынушылары нарығын дамыту Комиссиясы ұйымдастырды. Тыңдауларда модератор болғандар – РФ ҚП Хатшысы Валерий Фадеев, РФ ҚП экономиканы, кәсіпкерлікті, қызмет көрсету саласы және тұтынушылары нарығын дамыту Комиссиясының төрағасы Борис Алешин, РФ ҚП ұлтаралық және дінаралық қатынастарды үйлестіру Комиссиясының төрағасы Иосиф Дискин.


Жиналыста РФ министрліктері мен ведомстволардың өкілдері, РФ Қоғамдық палатасының өкілдері сөз сөйледі.


WhatsApp Image 2019-09-11 at 20.33.07ы.jpg


Филиал директоры, профессор А.В. Сидорович тыңдауларға қатысып, бюджеттік қаражат шығыстарының негізгі бағыттарын бөлу критерийлері мәселелері бойынша сөз сөйледі, сонымен қатар, бюджеттік шығыстарда шетелдерде және ТМД елдерінде білім беру қызметіне қажетті шығындардың көрінісі туралы айтып өтті.


Фото: Қоғамдық палата сайты